Атыраулық 7 мың балаға жаңа жылдық сыйлықтар үлестірілді

img 20201230 191815 836 Жаңалықтар

Атырау облыстық волентерлер штабы «Шын жүректен» акциясы аясында атыраулық балақайларға 7 мың дана сыйлық дайындады.

Тіл үйірер тәттілер мен ойыншықтардан құралған Жаңа жылдық сыйлықтар ерекше балалары бар отбасыларға табысталады.


Атырау облыстық волентерлер штабының жетекшісі Әйгерім Досқалиеваның айтуынша, бұл акция Атырау облысы әкімінің тікелей қолдауымен жүзеге асып отыр. Атыраулық еріктілер тобының балаларға арнаған базарлықтары аудандық әкімдіктер және мектеп әкімшіліктері арқылы таратылуда. Бүгін осы сыйлықтардың бір бөлігі Атырау қаласындағы отбасыларға үлестірілді.


– Қайырымдылықты ешкім де, қай кезде де тоқтата алмаған. Пандемия кезінде де мұндай шаралар облыс бойынша жүйелі түрде жүзеге асып тұрды. Дана қазақ «берсең балаға бер» деп тегін айтпаған. Қыркүйек айында да үнемделген қаражат есебінен көп балалы отбасыларға облыс әкімдігі тарапынан да, демеушілердің қолдауымен де көмектер ұйымдастырылған еді. Қазір облыста 4 мыңға жуық ерекше бала бар.

Жаңа жыл қарсаңында облыс әкімдігінің қолдауымен және демеушілердің көмегімен олардың тек өздері емес, отбасындағы барлық балаға сыйлық беру ұйғарылды.

Бұл миссия арқылы біз 7 мыңнан астам сыйлықты ерекше балаларға және олардың отбасындағы барлық балалар үшін үлестірілуде. Біздің басты көмекшіміз – еріктілер штабы. Жаңа жылға дейін қайырымдылық акциясын жалғастыру арқылы әр балаға қуаныш сыйлау – біздің басты мақсатымыз, – деді осы шараға қатысқан  Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

img 20201230 wa0124
img 20201230 wa0132 1
img 20201230 wa0133

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз