Атыраудағы жедел жәрдем стансасында коронавирусқа қарсы бес бригада күресуде

img 20200416 wa0170 2 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/27 сәуір, 2020 жыл. Наурыз айында Атырауда коронавирусқа қарсы үш бригада құрылды.

Бұл туралы Атырау облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының бас директоры Ербол Иманғалиев жергілікті өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

«Бригада құрамы үш дәрігер, жиырма үш фельдшер және он екі жүргізушіден құралған болатын. Кейін инфекция таралу ошағының ұлғаюына байланыста, бригада саны беске дейін көбейді.

Қазіргі уақытта коронавирусқа қарсы күресіп жатқан бригададағы мамандар саны қырық екі фельдшер, жиырма жүргізушіге дейін ұлғайды. Бұл бригада коронавирусқа күмәнді науқастарды тасымалдаумен айналысады» деді спикер.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз