a66501e9 e8d7 4299 b4de c70df133a1f8

Атырауда жол талғамайтын көлік тұрғын үйге соқты (+ВИДЕО)

Жаңалықтар

  Atr.kz/27 қаңтар, 2020 жыл.  Атырауда Toyota Land Cruiser Prado жол талғамайтын көлігі тұрғын үйге соқты. Соққының күштілігінен автокөлік шарбақты құлатып, үйге бұзып кірген.

Жол-көлік оқиғасы шамамен 25 қаңтарға қараған түні М. Қазірет (бұрынғы К. Маркс) көшесінде болған. Абырой болғанда, зардап шеккендер мен көз жұмғандар жоқ.

Полиция департаментінің баспасөз-қызметі таратқан мәліметке қарағанда, қазіргі уақытта көлік жүргізушісінің үстінен ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 610 бабы, 1 бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалып жатыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған