Атырауда жаза өтеу тәртібін бірнеше рет бұзған есептегі сотталған қамауға алынды

aef68a96 ec6d 438b ac1c 8ea5791c2476 1 Жаңалықтар

Атырауда жаза өтеу тәртібін бірнеше рет бұзған есептегі сотталған қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қалалық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған сотталған Д. жаза өтеу тәртібін бірнеше рет қасақана бұзып, сот жүктеген 100 сағат мәжбүрлі еңбек жазасын орындамаған. Осыған байланысты пробация қызметі Атырау қалалық №2 сотына ұсыным жолдады.

Сот үкімімен есептегі сотталған азаматтың бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген 3 жыл 7 күн мерзімі сот қаулысымен бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Сот қаулысымен тағайындалған жазасын өтеуден жасырынып жүрген сотталған азамат Атырау қалалық пробация қызметі бөлімінің инспекторы және Атырау қалалық ПБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторлары ұстап, қамауға алды. 

Айта кетейік, 15-25 мамыр аралығында республика көлемінде өткен “Есептегі адам” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында облыста құқық бұзушылыққа жол берген есепте тұрған 20 адам анықталған. 


Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз