Атырауда жаяу жүргіншілерге арналған диагоналды жолақ пайда болады

351182884 804981150965086 8154821111331997458 n Жаңалықтар

Қалалық әкімдік әкімшілік полиция басқармасымен бірлесе Абай және Махамбет көшелерінің қиылысына диагоналды жаяу жүргіншілер өткелін ұйымдастыруда.

«Диагоналды жаяу жүргіншілер өткелінің басты мақсаты – жол-көлік оқиғасын алдын-алу және қала аумағындағы кептелісті азайту. Яғни, бағдаршам нысаны төрт бағыттағы автокөліктерге бір бағытта қызыл жанып, жаяу жүргіншілер кедергісіз кез-келген бағытқа қарай өтіп, автокөлік жүргізушілеріне де, жаяу жүргіншілерге де кедергі жасамайды. Осы ретте, автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге жол ережесін қатаң сақтап, белгіленген жермен өту керектігін ескертеміз», – деп хабарлады Атырау қалалық әкімдігі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз