Атырауда заңсыз жұмыс істеген шетел азаматтары анықталды

2022 03 18 210621120620318a3803306i Жаңалықтар

20-28 ақпан күндері аралығында Атырау облысы аумағында республикалық «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Атырау қаласының полиция басқарамасы көші-қон қызметі бөлімі және жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп, қала аумағында заңсыз жұмыс жасаушы шетелдіктерге тексеріс жасаған.

Тексеру жұмыстары нәтижесінде Атырау қаласы аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарынан 31 шетелдік және мал соятын ет павилондарында, жеңіл тағамдар дайындайтын орындар мен көкөніс, жеміс-жидек сататын дүңгіршектерде заңсыз жұмыс жасаушы шетелдіктерді анықтаған.

Қазақстан аумағында заңсыз жұмыс жасаған шетел азаматтарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабының 5 бөлігімен «Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауымен көрінген, ҚР-ның халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе жергілікті атқарушы орган өз бетінше жұмысқа орналасуға рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асыруы» бойынша әкімшілік хаттамалар жасақталып, жинақталған іс-құжаттар сотқа жолданды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз