Атырауда тұрғындарға «жер алып беремін» деп алдап кеткен алаяқ ұсталды

2020 02 11 photo 175854 1 Жаңалықтар

Атырау қаласында үш тұрғын алаяқтың тұзағына түсті.

«Атырау қалалық полиция басқармасына жергілікті үш тұрғын арызданып, алаяққа алданғанын жеткізген. Ол жәбірленушілерге осы уақытқа дейін жер алып бермеген, не ақшасын қайтармаған. Осыған байланысты жедел-тергеу тобы іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдіктіні анықталды. Ұсталған күдікті Ақтөбе қаласының 45 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазір осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз