Атырауда төтенше жағдай жарияланады

3j2a0166 Жаңалықтар

Атырауда төтенше жағдай режимі жарияланады. Бұл туралы өңірге жұмыс сапарымен келген Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді, – деп хабарлайды Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы.

–Бүгін мен Жылыой ауданының Құлсары қаласында болдым. Ондағы жағдай күрделі, бірақ, жаппай дүрбелеңге салынуға негіз жоқ. Өңірде су тасқынымен күресуге арналған барлық ресурстар бар. Жағдайды тұрақтандыру үшін жергілікті атқарушы органдарға орта есеппен 3-4 күн қажет. Іс – қимылдың нақты жоспарын жасау, қажетті ақша сомасын бөлу, қажетті техниканы, сондай-ақ адами ресурстарды тарту қажет, – деді Қанат Бозымбаев ТЖ жөніндегі жедел штаб отырысы кезінде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз