Атырауда тәуелсіз байқаушы заң бұзушылықтар тіркелмегенін айтты

img 20210110 wa0033 Жаңалықтар

«Сайлау барысында заң бұзушылықтар тіркелген жоқ. Санитарлық талап сақталуда. Сайлаушылар белсенді қатынасуда» дейді тәуелсіз байқаушы Мырзалы Кенжебаев. Ол Атырау қаласындағы №91 сайлау учаскесіндегі науқанды бақылаушы. Бұл учаскедегі процесті 5 байқаушы бақылауда.

Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарын сайлауға байланысты Атырау қаласындағы Нұрсая шағын ауданындағы №40 орта мектеп ғимаратында орналасқан №91 сайлау учаскесі таңертеңгі сағат 7.00-де ашылып, өз жұмысын бастады.  

Алғашқы болып дауыс беруге келген сайлаушы – «Жерұйық» ықшам ауданының тұрғыны Өтеміс Апуов. 62 жастағы қала тұрғыны  «Жерұйық» ықшам ауданында тұрады. Азаматтық белсенділігін танытқан сайлаушы «дауыс беруге қатысу – жыл сайынғы дәстүрім» дейді.

Учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Жанаргүл Атчибаева берген мәліметке сәйкес, аталған учаске бойынша 1933 сайлаушы тіркелген. Ал, дауыс беру басталған бір сағат ішінде, яғни, сағат таңертеңгі 8-ге дейін 13 сайлаушы дауыс берген.

Биылғы сайлау барысында карантиндік режимге байланысты санитарлық талап нормаларын қатаң сақтау, яғни, сайлаушылар қауіпсіздігі басты меже ретінде белгіленгендіктен, тиісті талаптар назарға алынған. Дауыс берушілер арнайы жолақ бойымен дауыс беру кабинасына барады да, бір-біріне қабыспайтын, екінші жолақ арқылы сыртқа шығады. Келушілердің дене қызуы кіреберістен өлшенуде.

–Әр кабинада антисептик қойылған. Төрайым, комиссияның 4 мүшесі, 1 хатшы арнайы қорғаныш киімімен қамтылған, – деді учаскелік комиссия төрайымы Жанаргүл Ерсайынқызы.

  • Дауыс беру сағат кешкі 8-ге дейін жалғасады.

Биылғы маңызды саяси науқанның ерекшелігі ретінде бірнеше фактор аталуда. Біріншіден, сайлаудың кезектен тыс емес, яғни, кезекті болуы. Екіншіден, пропорционалдық жүйе бойынша, әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота қарастырылуы. Үшіншіден, партиялық тізім бойынша дауыс беру. Тағы бір ерекшелік, жоғарыда атағанымыздай, бұл сайлаудың әлемдік індет кезінде өткізілуі.   

Гүлжан ӘМІРОВА

img 20210110 wa0051
Фото – Ерлан Алтыбаев
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз