img 77861

Атырауда «Спорттық жүлде – 2019» салтанатты кеші өтті

Жаңалықтар

  Atr.kz/23 желтоқсан, 2019 жыл.  «Жайық» спорт кешенінде жыл қорытындысы бойынша үздік шыққан  спорт саңлақтарын марапаттаған «Спорттық жүлде-2019» салтанатты кеші болып өтті.

            Шараға жыл ішінде көк байрағымызды биікке көтерген  жергілікті спортшылармен қатар Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері Комитетінің төрағасы Серік  Сапиев, бокстан Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегерлеріБолат Жұмаділов пен Әділбек Ниязымбетов, кәсіпқой бокстан бірнеше тұжырым бойынша әлем чемпионы Жанат Жақиянов, қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің тұңғыш жеңімпазыҰлан Рысқұл, аралас жекпе-жектен М-1 тұжырымы бойынша әлем чемпионы Дамир Исмагуловтар қатысты.  

Атырау облысының әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев аймағымыздың абыройын асқақтатқан спортшыларға өзінің ақжарма тілегін айта келе, бір топ сала қызметкерлеріне облыс әкімінің Алғыс хатын табыстады. ҚР Спорт және дене шынықтыру істері Комитетінің төрағасы Серік Сапиев

Атырау облысы дзюдо федерациясының президенті Нұрлыбек Ожаевқа, жоғары спорт шеберлігі мектебі директорының орынбасары Есенкелді Пазылғалиевқа, Құрманғазы аудандық спорт бөлімінің басшысы Алмас Мұқашевқа «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін тақты. Белбеу күресі федерациясының президентіЕсенқос Зұлқанов, самбодан  ардагерлер арасында әлем чемпионыМарал Көшенов,Индер аудандық спорт бөлімінің бас маманыНұржан Бисембаевтер «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгілерінің иегерлері атанды. Спортшылардың бір тобына  ҚР Мәдениет және спорт министрінің, екінші тобына ҚР Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасыныңАлғыс хаттары табысталды.

Салтанат барысында үздіктер анықталып, жеке қаражатына «Мұнайшы» стадионына жаңғырту жұмыстарын жүргізіп, жаңа скейт-парк алаңы құрылысын салған спорт демеушісі Ерлан Табылдиев – «Спорт жанашыры», қол күресінен ардагерлер арасында Әлем чемпионы атанған  қос қызымыздың бірі Рахия Молдашева – «Үздік спорт ардагері», екінші қаракөзіміз  Алмагүл Қанатова – «Ең үздік ауыл спортшысы» атанды. Сондай-ақ, «Үздік ақпараттық демеуші» – «Caspian NEWS» арнасы болса, «Үздік спорт тілшісі» номинациясы «Қазақстан-Атырау» телеарнасының тілшісі Райымбек Сафиоллаевқа бұйырды. Осымен қатар, «Жыл жаттықтырушысы» атағы паралимпиадалық спорт түрлері бойынша  – парадзюдо жаттықтырушысы Жандос Қияновқа,  олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша – кикбоксинг жаттықтырушысы Данияр Юсуповқа, олимпиадалық спорт түрлері бойынша – еркін күрес жаттықтырушысы  Аслан Жаманбаевқа берілді. Құрманғазы аудандық спорт бөлімі – «Ең үздік спорттық бөлім», Жылыой ауданының әкімі Азамат Бекет – «Үздік спорттық әкім»,  парадзюдодан Азия чемпионы болған өрендеріміз «Ең үздік команда»,  №4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі – «Үздік спорт мектебі», карате-до федерациясы – «Үздік федерация»   атанды. Жылдың төрт мезгілінде де  марафон ұйымдастыруға атсалысқан «Infinity» фитнес орталығы – «Ең үздік спорт серіктесі», ал, 10 мыңнан астам адам тамашалаған «Жауынгерлік өнер фестивалі» «Үздік спорттық жоба» болды. Биылғы жылы 5 Әлем, 10 Азия чемпионын, 6 Спартакиада жеңімпазын дайындаған самбо спорты – «Ең нәтижелі спорт түрі» номинациясын жеңіп алды. Самбодан өткен әлем чемпионатында жаралы кеңсірікпен ақтық сынға дейін жеткен Серікжан Түсіпов – «Жеңіске деген жігері үшін»,  ал  бокстан жастар арасында Азия чемпионы атанған Аманат Сабырғали – «Жыл серпілісі» аталымын иеленді.

Шара соңында «Жыл спортшысы-2019» номинациясының түрлері бойынша негізгі жеңімпаздар анықталды. Осылайша, «Ең үздік кіші жасөспірім спортшы» – шахматтан балалар арасында Азия және Әлем чемпионы атанған Зарина Нұрғалиеваға, «Ең үздік жасөспірім спортшы» – еркін күрестен Азия чемпионатының күміс жүлдегері Бекзат Аманғалиға,  «Ең үздік жас спортшы» – каратеден жастар арасында Әлем чемпионы Әбілмансұр Батырғалиға,  ұлттық спорт түрлері бойынша – қазақ күресінен Ұлттық спорт фестивалінің жеңімпазыЭлмира Самиғоллаеваға, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша – паратаеквондодан екі дүркін Әлем чемпионы Нұрлан Домбаевқа, олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша – кикбоксингтен ересектер арасында екі дүркін Әлем чемпионы Жандос Назарбековке, олимпиадалық спорт түрлері бойынша  – еркін күрестен жастар арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері Сырбаз Талғатқа берілді.

img 8183 1
img 8211
img 7986
img 8233
img 8196

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған