Атырауда радикалдық ағым өкілдері 24 миллион теңгенің есірткісін сатпақ болған

210615211409995e Жаңалықтар

Атырауда 24 млн теңгенің есірткісін сатпақ болған деструктивті діни ағым өкілдері ұсталды.

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтың айтуынша, елімізде «Қарасора-2021» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.

«Аталған іс-шара кезінде экстремизмге және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармаларының қызметкерлері Атырауға Орал қаласынан келіп, синтетикалық есірткі сатпақ болған 1998 және 1999 жылы туған екі күдіктіні ұстады.

Күдіктілерден синтетикалық есірткі бар зип пакеттерге оралған 46 түйір табылды. Олардың жалға алған пәтерінен екі пакетке оралған синтетикалық есірткі заты мен 100 дана дайын бетбелгі тәркіленді. Нәтижесінде жалпы сомасы 24 млн теңгеге жуық синтетикалық есірткінің 2 400 бір реттік дозасы заңсыз айналымға жіберілмеді», -дейді Қамза Үмбетқалиев.

Оның айтуынша, қазір ұсталған күдіктілерге ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен тергеу амалдары жүргізілуде.

«ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз