Атырауда қоғамдық көлік жаяу жүргіншіні басып кетті

2 1 2 Жаңалықтар

Атырауда қоғамдық көлік басып кеткен жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді.

«ҚазАқпараттың» хабарлаунша, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, оқыс оқиға 12 қазанда сағат 10:00 шамасында болған. Атырау қаласының «Авангард» шағынауданындағы аялдамада «Ankai» маркалы маршруттық автобус 60 жастағы тұрғынның аяғын басып кеткен. Автобустың 50 жастағы жүргізушісі бұрылған кезде жаяу жүргіншіні байқамай қалған. Жедел жәрдем дәрігерлері жарақат алған азаматты облыстық ауруханаға жеткізді.

Қазір аталған оқиға тексеріліп жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз