Атырауда органикалық таза кір сабын шығарылуда

20190615 110025 Жаңалықтар

Atr.kz/17 маусым, 2019 жыл. «Гурьевское» кір сабын шығару цехының  директоры Игорь Толстовтың айтуынша, органикалық таза сабынның шығарыла бастағанына бір жылдан астам уақыт өткен.

«Негізгі шикізатымыз малдың және өсімдік майы. Біздің өніміміз органикалық тұрғыда таза. Сондықтан, сұраныс та жоғары болып отыр. Қазіргі уақытта «Дина» базары сынды көтерме сауда орталықтары тұрақты тұтынушыларымызға айналды.

20190615 110104 e1560762765258 1

Болашақта өндірісті кеңейту жоспарда бар. Ауқымды көлемдегі сұраныс Атырау аймағына қарасты аудандардан, Жаңаөзен, Ақтау қалаларынан да көп түсіп отыр. Осылайша, айына 5-8 тонна сабын өткізіп отырған жайымыз бар» дейді ол.

Еске сала кетелік, 65 және 72 пайыздық «Гурьевское» кір сабынының қазірге тұтынушыларға 150, 200 және 300 граммдық түрі ұсынылуда. 150 граммдық кір сабынның бір данасы – 45 теңге. 200 граммдық сабын – 55 теңге, 300 граммдық сабын – 75 теңгеге бағаланып отыр.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз