Атырауда мұнай атасы атанған Сафи Өтебаевқа ескерткіш ашылды

IMG 20190902 WA0016 Жаңалықтар

Atr.kz/2 қыркүйек, 2019 жыл. Атырау қаласында қазақ мұнайының атасы атанған Сафи Өтебаевқа арнап ескерткіш ашылды, – деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазақстан мұнайының 120 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылып отырған ескерткіш Атырау мұнай жəне газ университетінің ауласында орналасқан. Шараға арнайы қатысқан Атырау облысы əкімінің орынбасары Айбек Қрамбаев бүгінгі айтулы мерекемен құттықтап, сөз сөйледі.

– Біз қазақ мұнай-газ саласының негізін қалаушы – Сафи Өтебаевқа үлкен құрмет көрсету үшін жиналып отырмыз. С.Өтебаев мұнай кендерін алғашқы ашушылармен бірлесе отырып, еліміздің мұнай-газ кешенінің негізін қалады. Мұнай саласында аянбай тер төккен ағамыздың еңбегін еш уақытта ұмытылмайды,- деді Айбек Қрамбаев.

Шараға мұнай саласында еңбек еткен ардагерлер, университет профессорлары мен ұстаздар, Сафи Өтебаетың қызы мен баласы, сондай-ақ, студенттер қатысты.

Айта кетейік, биыл  ақпанда Атырау мұнай жəне газ университетіне  майталман мұнайшының есімі берілген болатын.

IMG 20190902 WA0017
IMG 20190902 WA0018
IMG 20190902 WA0019
IMG 20190902 WA0020
IMG 20190902 WA0021
IMG 20190902 WA0022
IMG 20190902 WA0023
IMG 20190902 WA0028
IMG 20190902 WA0024
IMG 20190902 WA0025
IMG 20190902 WA0026
IMG 20190902 WA0027
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз