201228203641499e

Атырауда көлік каналға батып кетті (+ВИДЕО)

Жаңалықтар ATR.TV Қоғам
5 / 100

Атырауда жүк тиегіш көлік тереңдігі 2 метрлік каналға түсіп кетті.

Бұл туралы «Қазақпарат» хабарлады. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, оқыс оқиға Еркінқала ауылының маңындағы «Рыбоход» каналында болған.

Департаменттің диспетчер пультіне сағат 11:20-да «Рыбоход» каналына жүк тиегіш көліктің батып кеткені туралы хабар түсті. 49 жастағы азамат жүк тиегіш көлігімен каналдың арғы бетіне өтпек болған. Алайда, мұз ойылып, көлік каналға батып кеткен.

«Оқиға орнына жедел жеткен жедел-құтқару жасағының құтқарушылары аталған каналдың тереңдігі – 2 метр, мұздың қалыңдығы – 30 см болатынын анықтады. Ал, көліктің батып кеткен жері жағадан шамамен 45 метр қашықтықта екені белгілі болды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Құтқарушылар канал мұзын ойып, сүңгуірлер су астындағы көлікке арқанды бекіткен. Содан кейін «ДТ-75» тракторының көмегімен жүк тиегіш көлікті жағаға сүйреп шығарып, иесіне табыстады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған