Атырауда «Көктем – 2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтеді

screenshot 3 Жаңалықтар

Су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жергілікті Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері «Көктем – 2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуға қатысуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Атырау қаласы ТЖБ бастығының уақытша міндетін атқарушы азаматтық қорғау капитаны Бақтыбек Төлегенов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгінде су тасқыны салдарының алдын алу және жою мақсатында 6000 дана керуеттер мен төсек жамылғылар, 6 600 дана құм салынған қаптар, 150-ден астам күректер, 14 дана мотопомпа, жанар-жағар материалдары дайын.

– Сонымен қатар Атырау қаласы аумағында күтілетін көктемгі су тасқынына қарсы «2021-2023 жылдарға арналған су тасқыны қаупінің алдын алу және жою жөніндегі шаралар кешені» жол картасына Атырау қаласы мен қала маңындағы ауылдардағы қорғаныс бөгеттеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу іс-шарасы енгізілген. Атап айтқанда, олар Жұмыскер, Геолог, Ақсай, Атырау, Еркінқала, Дамба, Балықшы, Қайыршақты, Кеңөзек елді мекендерінде жүргізілмек. Аталған іс-шараны орындау мақсатында Атырау қаласы мен қала маңындағы ауылдардағы Жайық өзені мен Каспий теңізі бойындағы жалпы ұзындығы 86 шақырымнан астам жерді құрайтын қорғаныс бөгеттеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін келісім шартқа отырдық, – деді Б.Төлегенов.

Оның айтуынша, жобалық-сметалық құжаттама былтыр 28 қаңтарда экологиялық қорытынды алу мақсатында электронды порталға енгізіліп, наурыз айында тиісті жұмыстар шешімін тапқан. Қазіргі таңда Жұмыскер ауылдық округіне қатысты жұмыс жобасы бойынша былтыр мемлекттік сараптаманың оң қорытындысы алынған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз