Атырауда екі күнде 1200 жол жүру ережесін бұзу фактісі тіркелді

330191916 5901703566603361 3474558258510936818 n Жаңалықтар

Атырауда 20-24 ақпан күндері облыс аумағында “Қауіпсіз жол” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның екі күнінде жол жүрісі ережелерін өрескел бұзу бойынша 1200 факті тіркелген.

Оның ішінде;

– тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару – 24;

– мас күйде көлік басқару – 10;

-жылдамдықты шамадан тыс асыру-166

– басқару құқығы жоқ күйде көлік басқарған – 58 және көлік басқару бойынша авариялық жағдай туғызу-6 факті анықталған.

Сондай-ақ,аталған құқықбұзушылық негізінде 38 автокөлік айып тұрағына қойылып,6 автокөліктің мемлекеттік белгісі түсірлді.

Осы ретте, атыраулық полицейлер жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауға және заң бұзушылықтарға жол бермеу керегін қатаң түрде ескертеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз