200221185430612e

Атырауда бұрынғы химия зауытындағы өрт сөндірілді

Жаңалықтар

Atr.kz/21 ақпан, 2020 жыл. Атырауда химзауыттағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өрт жұмыс істемейтін химиялық зауыттың екі қабатты ғимаратынан шыққан. Кейін бұл жерден «Маңғыстау индустриялық паркі» ЖШС-ға тиесілі полиэтилен пакеттер өндіретін цех ашылған. Өрт 350 шаршы метр аумақты шарпыған, онда целлофан қалдықтары жанған. Ғимараттың жалпы аумағы – 6 мың шаршы метр. Оқиға орнына екі өрт сөндіру қызметі жетті. Өрт ауыздықталып, сөндірілді. Ешкім зардап шеккен жоқ», – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Өрттің себебі анықталып жатыр. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Атырауда бұрын полимерлер шығарылған зауыт аумағында өрт шықты. Қазір мұнда химиялық өнімдер шығарылмайды. Бірақ, зауыт аумағында бірнеше өндіріс жұмыс істеп жатыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған