200212195204176e

Атырауда бірінші топтағы мүгедек жүргізуші куәлігін алды

Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/13 ақпан, 2020 жыл. Атырауда бірінші топтағы мүгедек Кеңгес Кониев қолмен басқаруға арналған көлікпен жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсырды.

Бұрын құрылысшы болып жұмыс істеген Кеңгес 2006 жылы жарақат алған. Сол жарақатынан соң бірінші топ мүгедегі ретінде қоларбаға таңылды. Алайда, ол өмірге құштарлығын жоғалтқан жоқ. Спортпен айналысып, үстел теннисінен Қазақстанның чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды. Енді ол қызын балабақша мен мектепке апару, отбасының өзге де қажеттілігі үшін көлік жүргізгісі келеді. Сол себептен, мүгедектігі бар жандарға арналған көлікке міну үшін сынақ тапсырды. Алайда, ол бұған дейін екі рет теориялық емтиханнан өте алмады.

Жақында Кеңгес көлік жүргізу машығына тиянақты дайындалып, үшінші мүмкіндігін мүлт жібермеді. Тәжірибелік емтиханды да сәтті тапсырды. Сөйтіп, ол көлік жүргізу куәлігін алды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалы мамандарының айтуынша, Кеңгес Кониев ­– ерекше санаттағы жандардың арасынан көлік жүргізу құқығына ие болған алғашқы атыраулық.

Жолдасбек Көшербайұлы

Тағы оқыңыз:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған