Атырауда бір күнде үш балабақша ашылды

shapkenov 2 Жаңалықтар

Бүгін Атырау қаласында мемлекеттік-жекеменшік тапсырыс негізінде әрқайсысы 290 орындық заманауи форматтағы үш балабақша ашылды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Пайдалануға беріліп отырған «Береке» бөбекжай-бақшасының ашылу салтанатына облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысып, өңір тұрғындарын жаңа балабақшаның ашылуымен құттықтады.

shapkenov 5

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнайы тапсырма беріп еліміздің түкпір-түкпірінде балаларға жағдай жасауға көңіл бөліп келеді.  Тиісті деңгейде білім, тәлім-тәрбие алуына осындай балабақшаларымыз бен мектептеріміз салынып келеді. Заманауи талаптарға сай білім ордаларын  салу біздің облысымызда да басталды. Қазіргі күні еліміздегі кәсіпкерлер араласып әлеуметтік-жекеменшік серіктестік арқылы жүзеге асып жатқан жобаларда бар. Міне, соның бірі – алдарыңызда ашылғалы тұрған балабақшалар. Күні бүгін үш балабақшаны ашсақ, алдағы күндері тағы осындай алтауы есігін айқара ашпақ. Жалпы айтқанда 9 балабақшада екі мың жарымнан астам бүлдіршін қамтылады. Осындай игі істеріміз көп болсын. Бала – біздің болашағамыз, ертеңгі қоғам – қазіргі бүлдіршіндерімізден басталады. Олардың тиісті деңгейде тәлім-тәрбие алып, бәсекеге қабілетті ұлт болып қалыптасуына жағдай жасау – міндетіміз»,- деді Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов.

shapkenov 3
shapkenov 1

Бала тәрбиесі қашан да – жауапты іс. Ал бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастырудың негізі балабақшадан бастау алары сөзсіз. Осы қағидаға басым ден қойған «JM Сapital holding» ЖШС Атырау қаласында үш бірдей нысанның құрылысын жүргізіп, мемлекеттің игігіліне ұсынды.

–Бұл Атырау облысында мемлекеттік-жекеменшік тапсырыс негізінде біздің компаниямен бірлесіп алғаш рет іске асырылған үлкен жоба. Ең алғашқы жұмыстар 2016 жылы бастау алды. Жер телімі, ғимарат мәселелері, құжаттама ресімдері біраз уақытқа созылғанымен, бүгінде барлық жұмыс оңынан шешімін тауып, құрылыс нысандарын пайдалануға беріп отырмыз, – деді Жалғас Мырзағалиев.

shapkenov 4

Сондай-ақ, бүгін «Нұрсая» шағынауданының Әбілқайыр хан даңғылында орналасқан «Дарын» бөбекжай-бақшасы мен Сұлтан Бейбарыс даңғылындағы «Жанбота» бөбекжай-бақшасының да ашылуы салтанатты түрде өтіп, жаңа нысанның кілті табыс етілді.

zhanbota 3

Мемлекеттік тілде білім беретін балабақшалар екі қабатты. Ғимараттың іші жап-жарық әрі жылы. Балалар жас ерекшелігіне сай жасақталған барлығы 12 топқа орналастырылады. Әрбір топқа жоғары және арнаулы орта білімді педагогтер қызмет етеді. Тәрбиешілерден бөлек логопед және психолог мамандар да бар.

zhanbota 2
1111111111

Гимнастика және музыка сабақтарына арналған әмбебап зал жасақталған. Балалардың ой-өрісін дамыту кабинеттерінен бөлек, медициналық, процедуралық және тұзбен емдеу бөлмелері де қарастырылған.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА,

Суреттерді түсірген Ерлан Алтыбаев, Әнуар Әбілғазиев

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз