Атырауда білім алатын электрик қыз арманынымен бөлісті
Atr.kz/11 наурыз, 2020 жыл. Арамызда тепсе темір үзер ер азаматтармен бір қатарда еңбек етіп, жұмыстарын дөңгелентіп отырған нәзік жандылар бар екеніне күнделікте өмірде куә болып жатамыз. Мәселен, Атырау индустриалды колледжінде оқитын ұлдардың арасында электрик мамандығын меңгеріп жатқан жалғыз бойжеткен бар.
«Ата-анамыз бала күнімізден жұмыстың ақ-қарасы болмайтынын, қандай істің де өз несібесі болатынын санамызға сіңіріп келеді, — дейді техник-электрик мамандығының 1 курс студенті Айдана Әдебиетова. – Өзімнің қалауым электрик болу еді. Екінші жағынан, анам сылақшы, ағам дәнекерлеуші болып еңбек етеді. Менің де үнемі олармен бірге жұмыс істегім келіп тұратын. Осылайша, Ғани М ұ р а т б а е в атындағы мектепте 9-сыныпты аяқтап, осы колледж г е о қ у ғ а қабылдандым. Айналамдағы құрбыларым мен достарым «ұлдардың арас ы н д а қ и ы н емес пе?» деп сұрап жатады. Ал, шындығында, еңбек өнімділігі оған байланысты деп ойламаймын. Әйелдер де ерлермен тең дәрежеде жұмыс істей алады».
Кейіпкеріміздің бойында тасып тұрған жалын-жігері от жанарынан айқын аңғарылып тұр. Тал шыбықтай иіліп, әдепті қылығымен сүйсіндірген бойжеткенге қарап, «қалайша электрик?» деген ойға баттық. Ол аз болғандай, қуыршақтай қызымыз алғашқы әскери дайындықтың жауынгерлік әдіс-тәсілдерін де жақсы меңгергенін көрсетіп қалды. Бұл оның сүйікті істерінің бірі екен.
– Бос уақытымда «Асыл мұра» үйірмесіне барып, бимен шұғылданамын. Сонымен бірге, Мұқағали, Фариза ақындардың өлеңдерін сүйіп оқимын. Жұмекен Нәжімеденовтың елу өлеңін жаттап, сайыста жүлделі болғаным бар, — деді ол.
Гүләлия ИГІЛІКОВА