Атырауда Азия чемпионы Есенбек Сиғуатовты атып өлтірген күдіктіге сот шешім шығарды (+ ВИДЕО)

snimok Жаңалықтар

«Грепплингтен Азия чемпионы Есенбек Сиғуатовтың өліміне қатыстыларға сот үкімі шықты» деп хабарлайды Atr. kz

Спортшыны аңшы мылтығымен атып өлтірген Мағзұм Бекет 15 жылға бас бостандығынан айрылды. Қылмысты жасырған сыбайласы Бейімбет Есенғалиев 3 жылға сотталды.

«Атырау 201» ютуб каналының хабарлауынша, сот шешімімен жәбірленуші тарап та, сотталушы тарап та келіспей отыр.

Еске сала кетелік, өткен жылы 9 тамызға қараған түні Дамбы мен Құрманғазы ауылдарынан келген бірнеше жігіттің арасындағы төбелес кезінде атақты атыраулық спортшы, грепплингтен Азия чемпионы Есенбек Сиғуатов қаза тапқан болатын.

18 жасқа толар-толмастан қайғылы жағдайда көз жұмған Азия чемпионы Сиғуатов Есенбек Тоқсанбайұлы қысқа ғұмырында грепплинг, қоян-қолтық ұрыс және джиу-джитсу күрестерінен Атырау облысы құрама командасының мүшесі ретінде жасөспірімдер арасында әлем және Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы атанған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз