Атырауда 82 мыңнан астам адам сақтандырылмаған

img 20201209 164138 Жаңалықтар


«Биыл 1 қарашадағы жағдаймен өңірдегі сақтандырылмаған азаматтар саны 82 373​ ​ адамды құрады», – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбектің ӨКҚ-дегі онлайн брифингте айтқан сөзіне​ ​ сілтеме жасап.

«Бүгінде Тіркелген халық тіркеліміндегі (РПН) 652 478 азаматтың 82 373 ​ ​ ​ ​ (12,6%) сақтандырылмай отыр. 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2020 жылдың 30 қарашасы​ ​ аралығында республика бойынша жарналар мен аударымдар 468​ ​ млрд. 549 млн. теңгені құрады,- деді спикер онлайн брифингте.Сондай-ақ, Сәбит Құралбек МӘМС арқылы сақтандырылмаған азаматтардың кімдер екенін де атап өтті.-​ ​ ​ ​ 15 санаттағы жеңілдігі бар азаматтар бірыңғай жиынтық төлем төлеу арқылы 42 500 теңге көмек ақша алды. Ал, Бірыңғай жиынтық төлемді заң бойынша өзін-өзі қамтыған азаматтар төлеуі тиіс болатын. Осылайша жеңілдік санаттағы азаматтар өз статустарын жоғалтып алды. Сонымен бірге, ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі №224 Қаулысына сәйкес шағын және орта кәсіпкерліктің​ ​ 29 санаты 2020 жылдың 1 қазанына дейін өз қызметкерлері үшін жарна төлемей, тек тізімдерін дерекқорға енгізуі қажет еді. Бірақ, барлығы бірдей тізімді енгізбеуі себепті қызметкерлері сақтандырылмай қалып отыр», – деді Сәбит​ ​ Құралбек.Филиал директоры​ ​ жеке секторларда жұмыс жасайтын кейбір азаматтар да ай сайынғы жалақыларын қолма-қол алуы себепті сақтандырылмай отырғанын баса айтты.Айта кетейік, «сақтандырылмаған» азаматтар емхананың тіркеу бөліміне барып, медициналық сақтандыру туралы кеңес алуына болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз