91014581 126377425627723 579456234294345728 n

Атырау қаласының автовокзалы жұмысын тоқтатты

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/30 наурыз, 2020 жыл. Бүгінде ауданаралық, қалааралық, халықаралық рейстер тоқтатылды.

Бұл туралы Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Атырау автовокзалының директоры Вадим Синкевичтің айтуынша, күніне Атырау автовокзалына 14 рейс келесі бағыттарға жүріп тұрады: 

– Атырау – Астрахан 
– Атырау – Бейнеу
– Атырау – Орал 
– Атырау – Мақат
– Атырау – Индер
– Атырау – Құлсары 

91440595 243476337046020 1310933720793874432 o

Автовокзал басшылығының ақпаратына сәйкес, Атырау – Астарахань рейсі Ресей Федерациясының Қазақстанмен шекараны жапқаннан кейін толықтай тоқтатылды. Соңғы рейс 28 наурыз күні Мақатқа кетіп қалды. Әзірге аудан мен қала арасына жүріп-тұрмайды. Айта кетейік, автобустардың сыйымдылығы – 50 адам. Төтенше жағдай жарияланғаннан кейін автобуспен қатынайтын жолаушылар саны екі-үш адамды құрады.

Аман ШАМАР

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған