Атырау қаласының әкімі ҚР Ұлттық құрама командасының параволейболшыларын марапаттады

787065ae da13 4a97 9679 cc82b4b94afe Жаңалықтар

Бүгін Атырау қаласының әкімі ҚР Ұлттық құрама командасының параволейболшыларын марапаттап, Алғыс хат табыстады, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

– Құрметті параспортшылар, жаттықтырушылар, спорт саласына сүбелі үлес қосып жүрген жанашырлар! Сіздерді Спорт күні мерекесімен құттықтаймын! Мемлекет тарапынан спорт саласы үшін тиісті көмектер көрсетіліп, еліміздің туын асқақтатып жүрген сіздерге облыс, қалалық әкімдіктен де қолдау көрсетілуде. Осыған орай, сіздерді әлемдік олимпиададағы жолдамаларыңызбен шын жүректен құттықтағым келеді. Спорт саласына қосып жүрген үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін, – деді қала әкімі.

Айта кетейік, марапатталғандардың қатарында Қазақстандағы алғашқы әрі мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бірден-бір дене шынықтыру сауықтыру кешенінде қызмет атқаратын, Ұлттық құраманың бас бапкері Бауыржан Тахауов, параволейболшылар Берік Измағанбетов, Ақылбек Шикибаев, Нұртау Мұқанбетқалиев, Ерлан Битемиров, Бауыржан Сартаев, Бекет Турниязов, Әділет Сейтжапар, Тұрлан Қаратаев, Ернар Матеуов, Жанғали Сүйеуов, Пердебай Намұратов және Қуаныш Тажиков бар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз