clinic img 1500276384.12

Атырау облысында медицина саласына тартылған инвестиция көлемі артты

Жаңалықтар Медицина

Atr.kz/9 қыркүйек, 2019 жыл. Қазіргі таңда медицина саласына инвестиция тарту мемлекеттің даму алғышарттарындағы басым бағыттардың бірі.

Осы орайда Атырау облысында да мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аясында «Медикер Жайық» ЖШС қалалық №2 емхананы сенімгерлікпен басқарып, 140 миллион теңгеден астам инвестиция құйды.
Соның ішінде 68 миллион медициналық құралдарды сатып алуға және 72 миллион емхана ішіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалды. Нәтижесінде медициналық көмектің қолжетімділігі артып, емхана базасы айтарлықтай жаңарды.
Айта кетейік, Медикер компаниясы 20 жылдық тәжірибесі бар медициналық ұйым. Еліміздің 20-дан астам аймағында арнайы орталықтары жұмыс жасайды.

«Atr – Ақпарат»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған