Атырау облысында 19 ауылдық округте​ әкімдер сайланды

0783a538 8b03 4444 aa39 ba076b8eef72 Жаңалықтар

25 шілде мен 7 қараша аралығында өткен ауылдық округтер әкімдері сайлауында 19 округтің әкімі сайланды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Барлық сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізімдеріне 46​ 679 сайлаушы енгізілді. Оның ішінде, 34​ 890 сайлаушы дауыс беруге қатысқан. Сондай-ақ, 55 адам кандидаттығын ұсынған. Орташа есеппен бір округке шамамен 3 адамнан үміткер болды. Сайланған 19 әкімнің 17-сі мемлекеттік қызметшілер» деді баспасөз алаңында өткен онлайн брифинг барысында Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссия төрағасы Азамат Айманакумов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз