img 20200803 wa0129

Атырау облыстық ауруханасы тамыз айының ортасында күрделі оталар жасауды бастайды (+ ВИДЕО)

Жаңалықтар

Atr.kz/3 тамыз, 2020 жыл.  Атырау облыстық ауруханасы инфекциялық орындар санын азайтып, жоспарлы емдеу шараларына дайындалып жатыр.

Қазіргі уақытта ауруханада таза аймақ жасақталуда – деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.


​ «Ендігі кезекте хирургиялық, неврологиялық, оңалтуды қажет ететін бейінді науқастарды емдеп бастаймыз. Тамыз айының ортасында күрделі оталарды аурухана шеңберінде жасауды жоспарлаудамыз» дейді Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Ербол Иманғалиев.


Айта кету керек, Атырау облыстық ауруханасы шілде айының басынан бері ​ 400 кереуеттік инфекциялық стационар ретінде жұмыс жасады. Қазіргі таңда мұнда науқастардың саны азайды.

img 20200803 wa0127
img 20200803 wa0124


«Бұрын қабылдау бөлімшесіне тәулігіне инфекциялық аурумен 60-қа жуық науқас түсетін. Қазір тәулігіне 15-ке дейін науқас қабылдаудамыз. Бүгінгі күні инфекциялық стационарда ем қабылдап жатқан 137 науқас бар. Енді тамыз айынан бастап 200 кереуетке ​ жоспарлы түрде емделетін науқастарды қабылдауға дайындалудамыз»- деді Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Ербол Иманғалиев.


Еске сала кетелік, ​ Атырау облыстық ауруханасының ​ инсульттік, зақым-жарақат бөлімшелері пандемия уақытында да жұмысын тоқтатпай, науқастарды үзіліссіз қабылдап отыр.

img 20200803 wa0125

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған