Атырау мұнай өңдеу зауыты жаңа ағын суларды тазарту құрылғысын салады

18anpz Жаңалықтар

Atr.kz/19 наурыз, 2019 жыл. Атырау мұнай өңдеу зауыты жаңа ағын суларды тазарту құрылғысын салады

«Біз жаңа тазарту құрылғысын саламыз, сол себепті осы жылы жаңа TAZALYQ жобасын жүзеге асырмақшымыз. Тазалаудың қазіргі жүйесі ескіріп, техникалық тұрғыда тозғандығын мойындау керек. Біз әлемдік мұнай өңдеу зауыттарының тәжірибесін зерттедік, және де дереу жаңа заманауи кешеннің жобасын жасақтауға кірісеміз. Әрекет ететін кез келді», – деді «АМӨЗ» ЖШС Бас директоры Шухрат Данбай.

АМӨЗ-дің баспасөз қызметі хабарлағандай, тазарту нысандарын жаңарту 4 кезеңде жүргізіледі: 1 механикалық тазалау желісінің құрылысы, биологиялық ағынды суларды тазартуды қайта құру, соңғы тазалау қондырғысының құрылысы және 2 механикалық тазалау желісінің құрылысы.

20180907202825
АМӨЗ

TAZALYQ жобасын енгізу Жайық өзенінен су алуды көп сатылы тазарту жүйесін пайдалану арқылы азайтады, сондай-ақ ағынды сулардан ластаушы заттардың 99,9 % жойылады.

Ең бастысы – кәсіпорынның қоршаған ортаға тигізетін кері әсері айтарлықтай төмендейді. Қайта жаңғыртуды 2023 жылдың соңында аяқтау жоспарлануда.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз