Атырау-Индер тас жолындағы жол апатынан екі адам қаза тапты

371952720 277741438346519 9024672677120954490 n Жаңалықтар

Қайғылы оқиға 3 қыркүйек күні бар Атырау-Индер тас жолының 18 шақырым тұсында болған.

Атырау облыстық полиция департаменті хабарлауынша, 1998 жылғы Toyota автокөлігінің жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай, жол жиегіне аударылды. Жол апаты салдарынан 25 жастағы жүргізушісі және 26 жастағы жолаушысы алған дене жарақатынан оқиға орнында қаза тапты.

Айта кетейік, автокөліктің жүргізушісіне оқиға болардың алдында, тас жолдың 17 шақырым тұсында, полиция қызметкерлерінің тарапынан ескертпе жұмыстары жүргізілген.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз