Атырауда жоғалған қыздың денесі табылды

ЖО АЛ АН ЫЗДЫ денес¦ табылды Жаңалықтар

Бесікті ауылынан жоғалған 8 жастағы қыздың денесі Жайық өзенінен табылды. Бұл туралы бізге  облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева хабарлады.

ЖО__АЛ__АН __ЫЗДЫ__ денес¦ табылды

Жоғалған қыздың тағдыры Атырау жұртын ерекше алаңдатқан еді.  Оны іздеуге барлық күш жұмылдырылды, «Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің құтқарушылары тартылды. Тоғыз суда жүзу құралы айдын бетінде жүзсе, бес сүңгуір өзеннің ауылға қарасты бөлігін қайталап шолып қарап отырды. Жергілікті тұрғындар да жанашырлық танытты.  8 адам өздерінің қайықтарын алып келіп, ортақ іске өз үлестерін қосты. Алайда, бірнеше күнге созылған іздеу шараларының нәтижесі байқалмады. Соған қарамастан көпшілік оқиғаның соңы жақсылықпен аяқталады деп үміттенген. Олай болмады. Қазір осы жағдайға байланысты сот-медициналық сараптамасы тағайындалып отыр.

Ресми орган жеткіншектің денесі табылғандығы туралы хабарлағанымен, істің мән-жайын толық ашып айтпауда. Бұл ел назарын ерекше аударған істі тергеудегі құпиялылыққа байланысты болса керек. Басқа ақпарат көздеріне сүйенсек,  жеткіншектің денесі дүйсенбіде, күндізгі  13  сағат шамасында өзеннен табылған.

Айта кетейік, 8 жастағы жеткіншек 14 маусым күні таңертең үйінен жергілікті мектеп-интернаты жанындағы балалар лагеріне кеткен. Сол күні сағат 17.15-те лагерьден шыққанымен, үйіне оралмаған болатын.

Қауіптің қайдан келетіні белгісіз. Ендеше, сақтанған ғана сау болатынын естен шығармайық, ағайын!

Азамат Базарбаев

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз