Атырауда «Туған өлке» жобасының тұсауы кесілді (ФОТО)

DAT68FWOXvM Білім

Кеше Атырау облыстық Білім беру басқармасының ұсынысымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жоспарланған «Туған өлке тарихы» жобасының тұсауы кесілді.

DAT68FWOXvM

Жоба бүгінгі күннен бастап облысымыздың барлық өңірлерінде тұрақты жүзеге асқалы отыр. Жобаның мақсаты мұражай сабақтары арқылы жастардың бойында туған өлке тарихына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, отаншылдыққа, патриотизмге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Аталған шара Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өтті. Жоба қатысушылары Атырау қаласы Д.Байбосынов атындағы №13 ұлттық гимназияның 7-сынып оқушылары қатысты. Жобаға қатысушылар өлке тарихымен танысып, өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарға толыққанды жауап ала алды. Оқушыларды өңірден табылған көне жәдігерлер қызықтырды.

ZntZ2Ms6_Mg

0AgBxO9D2AI

t_2IpuYuzRQ

Абай АҚМҰРЗИЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз