Атырауда үш апта бойы жолдар жабық болады

b17285ab8935712467f0d323d3d6fc48 resize w 525 h Жаңалықтар

Атырауда 21 сәуірден 14 мамырға дейінгі аралықта Баймұханов көшесінің автокөлік жолына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігі.

b17285ab8935712467f0d323d3d6fc48_resize_w_525_h_

21 сәуір таңғы сағат 08-00-ден 14 мамыр таңғы сағат 08-00-ге дейінгі мерзімде Мечников-Баймұханов автокөлік көпірінен бастап, Баймұханов-Б.Аманшин көшелерінің қиылысына дейінгі аралықта жолдар жабылады.

Сол себепті, №2 «Балықшы кенті-Темір жол вокзалы», №14 «Авангард ы/а–Темір жол вокзалы», №15 «Сарықамыс ы/а-Мұнайшы ы/а», №21 «СМП-163 ы.а.-Ескі әуежай» қалалық жолаушылар тасымалдаушы көліктері А.Грибоедов көшесі арқылы жүреді.

Хорлан СМАДИЯР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз