IMG 6767 26 12 18 04 51

Атырауда қоғамдық көліктер паркі 20 жаңа автобуспен толықты

Жаңалықтар Шаһар шырайы

№4 және №8 бағыттары бойынша жаңа қоғамдық көліктер жолға шықты, деп хабарлайды Атырау әкімдігінің баспасөз қызметі.

IMG_6767-26-12-18-04-51

Атырауда қоғамдық көлікті жаңарту тұжырымдамасын жүзеге асыру жалғасуда. Жоспар аясында қоғамдық көліктер паркіне 20 жаңа автобус қосылды.

Автобустар жаңартылғанымен қатар, №4 автобус бағытын өзгерді. Бұл өзгеріс «Нұрсая» ықшам ауданынан «Дина» базарына дейінгі бағытты едәуір қысқартты.

«Бұрын автобус Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен және Атырау мұнай және газ университетінің жанымен жүретін болса, қазір Махамбет көшесінің бойындағы Орталық көпір арқылы тікелей «Дина» базарына дейін қатынайды. Ал №8 жаңартылған маршрут бағыты өзгермейді. Ол Ширина ауылдық округінен бастап Береке ықшам ауданына дейін жүреді» дейді Смарт Атырау ҚМУ директоры Әділбек Танкиев.

Сонымен қатар, қоғамдық көлікті жаңарту тұжырымдамасын іске асыру аясында 2019 жылы қосымша 200 жаңа автобус сатып алу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, жаңа автобустар сатып алуға жергілікті бюджеттен қаражат бөлінген жоқ. Қоғамдық көлік «БРК-Лизинг» АҚ операторы болып табылатын автобус паркін жаңартудың жаңа бағдарламасы бойынша сатып әкелінді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған