Атырауда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде тағы екі көшені жарықтандыру жобасы іске асырылады

WhatsApp Image 2018 11 20 at 16.11.12 Жаңалықтар

Атырау облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде тағы екі көшені жарықтандыру жобасы іске асырылады.

WhatsApp Image 2018-11-20 at 16.11.12

Көшені жарықтандыру желілерін салу биыл басталып, келесі жылдың соңына дейін жалғасады. Бұл туралы ӨКҚ өткен брифингте Атырау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мұрат Иғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Спикер өз баяндамасында 2017 жылдан бастап «Атырау қаласындағы көше жарығы желілерінің құрылысын салу және пайдалану» жобасы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында іске асырылатынын атап өтті.

– Жобаны «БатысТранзит» АҚ жүзеге асырады. Олардың табысты серіктестікте тәжірибесі бар. Өткен жылы мекеме 19 көшеде жарық диодты шамдар орнатса, биыл тағы 20 көшені жарықтандырды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша екі қосымша жоба аясында қаланың 192 көшесін жарықтандыру жұмысы жоспарлануда. Сонымен қатар, Атырау-Индер, Атырау-Доссор тас жолдары жарықтандырылады, – деп мәлімдеді энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мұрат Иғалиев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз