Атырауда көлік қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтті

т арушы жолсер¦к Жаңалықтар

Көлік қызметкерлері күніне орай өткізілген салтанатты жиын барысында бір топ теміржол саласындағы үздік мамандар марапатталды. Кәсіби мерекеге орай құрмет көрсетілгендер қатарында тоғыз айлық қызды өлімнен арашалап қалған жолсерік Алтынай Рамбаева да бар.

____т__арушы жолсер¦к

«Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы  басшылығының шешімімен «Маңғыстау-Астрахан» бағытындағы жолаушылар пойызының жолсерігі «Құрметті теміржолшы» белгісіне ие болды. Марапаттау рәсіміне оқиғаның басты кейіпкері кішкентай Фатима да арнайы келді. Алтынай Рамбаева теміржол саласында 17 жылдан бері қызмет етіп келеді. «Құрметті теміржолшы» белгісі – оның алғашқы марапаты.

Естеріңізде болса, бұл оқиға туралы біздің басылымда да жазылған болатын. Осы жылдың 3 шілдесінде Мақат стансасында купелердің бірінде кішкентай баланың өліп қалғаны туралы хабарлайды. Алайда, тәжірибесі мол жолсерік Алтынай Рамбаева еш абыржымай, қызды қызметтік бөлмеге алып кіріп, алғашқы медициналық жәрдем көрсетеді. 40 минуттан кейін сәби есін жиып, дем алып, жылай бастады.

«Фатиманың аман қалғаны Алланың қалауы, мен жай ғана себепшімін, – дейді құрметті теміржолшы. – Сол күні ауа райы ерекше ыстық болды.  Фатиманың дене қызуы 40 градусты көрсетіп, клиникалық өлімге түсті. Бес жыл сайын аттестациядан өтеміз және онда алғашқы көмек көрсету жолдары туралы сынақ тапсырамыз. Себебі, пойыз шөл даланың ортасымен жүргенде оқыс оқиғалар орын алса, дәрігерлер табылмайды. Сондықтан, әрбір жолсерік алғашқы медициналық көмек көрсету жолдарын білуі тиіс».

«Қыркүйек айында Фатима бір жасқа толады, ол менің үшінші қызыма айналды. Ата-анасы Фатиманың тұсауын кесу мәртебесін маған тапсырды.  Сый-сияпатымды алып, Атырауға барғалы отырмын» дейді жолсерік Алтынай.

Гүлжан ӘМІРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз