Атырауда аптап ыстықтың салдарынан көшелерді түнде тазалайтын болды

20170718174340 Жаңалықтар
Атырауда аптап ыстық болғандықтан көше жинаушылардың жұмысы түнге ауыстырылды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
20170718174340

«Мен үшін, әрине кез келген басшы үшін, бірінші кезекте, адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігі маңызды. Сондықтан көлеңкеде 40 градус ыстық болғанда, күндіз жолда адамдар жұмыс істемейді. Ауысым күндізгі ыстық басылғаннан кейін басталады», – деді «Спецавтобаза» ЖШС директоры Самат Тұрниязов.

Синоптиктердің хабарлауынша, Атырауда, облыста ыстық ауа райы 21 шілдеге дейін созылады. Еске салсақ, қыста қатты аяз кезінде көше тазалаушыларға ыстық шай беріліп, бәліш таратылған. Сонымен бірге олар жұмыс уақытында автобустарға кіріп жылынып отырған.

ҚазАқпарат

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз