Атырауда 6000 адам кітап өткізді (ФОТО)

IMG 4451 12 09 17 12 08 Жаңалықтар

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облысымызда «Қадірлі сыйлық» жобасының тұсауы кесілді.

IMG_4451-12-09-17-12-08

Жобаның мақсатына орай мектеп кітапханасына және жастар арасында өзара қадірлі кітаптарын ерікті түрде кітап сыйлау акция­сы ұйымдастырылды.

Облысымыздың 192 жалпы орта білім беретін ұйымдары, 25 кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында аталған акция бірауыздан қабыл алынып, салтанатты түрде ұйымдастырылған шара оқушылар мен студенттердің ерекше ықыласына ие болды.

IMG_4448-12-09-17-12-08

Шара Атырау қаласының Сарықамыс ықшам ауданында орналасқан Қасым Қайсенов атындағы орта мектепте ерекше жағдайда атап өтілді. Шараға Сарықамыс ауылының көнекөз қариялары, ата-аналар, кәсіпкерлер, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ғалымдары, облыстық әкімшіліктің, білім басқармасының мамандары қатысты.

IMG_4449-12-09-17-12-08

Шара барысында Атырау өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, ата-аналар, педагогтар мен кәсіпкерлер мектеп кітапханасына қызықты кітаптар сыйлады.

Жалпы алғанда облыс көлеміндегі шараларға 6000 адам қатысты. Оның ішінде ата-аналар, педагогтар, оқушылар мен студент жастар.

Абай АБЫЛАЙҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз