Астанада ұшуы тиіс 11 әуе рейсі кейінге шегерілді

img 4841 Жаңалықтар

Бүгін елорда әуежайында 11 рейс кешіктіріліп, Астанадан Алматыға, Жезқазған және Түркістанға ұшатын 3 рейс әуекомпанияның шешімімен тоқтатылды, деп хабарлайды atr.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.   

Әуежайдың мәліметінше, кешіктірілген және тоқтатылған рейстер метео жағдайға байланысты емес. Астана әуежайында қазір ұшу және қону үшін ауа райы қолайлы. Әуе айлағындағы ауа температурасы -18 градус. Желдің жылдамдығы – 12м/с.   Бұған дейін Қарағанды әуежайының жексенбі күні таңертең уақытша жабылғаны белгілі болған еді. Ресейде де рейстер тоқтатылды. Мәскеудің Внуково, Домодедово және Шереметьево әуежайларында ауа райының қолайсыздығына байланысты 20 рейс кешіктіріліп, тоқтатылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз