«АрнайыАвтоБаза» қызметкерлері қарттар үйіне жәрдемдесті (ФОТО)

Главное фото Жаңалықтар

Бүгін Атыраудағы «АрнайыАвтоБаза» ЖШС қызметкерлері Құрбан айт мейрамының құрметіне орай құрбан шалып, қаладағы Қарттар үйінде дастарқан жайды.

Главное фото

Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, олар жыл сайын Құрбан айт мейрамында әлеуметтік мекемелерде болып, оларға көмек көрсетуді игі дәстүрге айналдырған екен. Биыл да сол игі дәстүрлерінен жаңылмай, қой мен сиыр түліктерін құрбан шалып, оларды тұрмысы төмен отбасылар мен Қарттар үйіне таратты.

ANU_7603

Қарттар үйінде арнайы дастарқан жайып, көңілі жабырқау жандарға бір сәтке болса да жандарына жылылық сыйлады.

ANU_7592

Өз кезегінде қарттар да аталмыш мекеме қызметкерлеріне алғыстарын айтып, баталарын берді.

ANU_7591 ANU_7574

ANU_7568

ANU_7546

ANU_7540

ANU_7532

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Суреттерді түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз