«Қара алтын» қайда құйылып жатыр?

1441545543 5465 Жаңалықтар

Көмірқышқыл шикізаты дегеніміз не? Оны өндірудің табиғатқа тигізер әсері қандай? Баррель қалай бағаланады? Әлемдік мұнай-газ бағамы неге тәуелді? ОПЕК ұйымы нені көздейді? Салалық министрліктер мен мемлекеттік мекемелердің міндеті не? Жер қойнауын игеру қызметін кім қадағалайды? Экспорттың ішкі нарықтан несі артық? «Қара алтын» қайда құйылып жатыр?  Ел болашағы – жер байлығы ертеңгі ұрпаққа жете ме? Осы орайда, Ұлттық қорда қанша қазына сақтаулы? 

sdr

Осы және өзге де өзекті мәселелер бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арнап еліміздегі «Шеврон» компаниясы мен «Деловой Казахстан» республикалық экономикалық газетінің редакциясы ұйымдастырған «Салалық журналистика: Мұнай және газ тақырыбына тән ерекшеліктер» атты семинар-тренингте көтерілді. Алдымен, «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бөлім менеджері Нұртас Кенғанов «Келешек кеңею жобасы – Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару» жобасы аясындағы негізгі көрсеткіштерге шолу жасап, тілшілер қойған сауалдарға жауап берді.

dig

dig

dig

Тағылымды дәріске Атырау қаласынан («Атырау», «Ақ Жайық» басылымдары, «Атырау» телеарнасы мен аймақтық коммуникация қызметі), Жылыой («Кең Жылыой» газеті), Исатай («Нарын таңы» газеті), Қызылқоға («Қызылқоға» газеті) және Мақат («Мақат тынысы» газеті) аудандарынан, сондай-ақ, Астана («Астана ақшамы» газеті), Ақтөбе («Aktobenews.kz» сайты, «Керек Инфо» газеті, «Ақтөбе» радиосы) және Ақтау («Маңғыстау» газеті) қалаларынан да журналистер келіп қатысты. Дені – жас тілшілер. Олар бір күн бойы «Шағала Атырау» қонақүйінде белгілі сала журналистері – Әсия Акишева мен Елена Бутыринадан сабақ алды.

Мақсат – отандық өнеркәсіптің бүгінгі даму барысымен танысу. Салаға қатысты ақпаратты айнытпай оқырманға дұрыс жеткізу, мәліметтерді қажетіне қарай талдап, сараптама жасау, сала ерекшелігін ескеріп, мақаланы жеңіл тілмен жазу жолдары талқыланды. Сол секілді, семинар қатысушылары баспасөз жиынын еркін форматта жүргізу, санақ көрсеткіштерін бір-бірімен салыстыра отырып қолдану және сұрақ қою шеберлігіне қанықты. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

IMG-20181019-WA0024

dig

IMG-20181019-WA0026

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз