Әр бөгетке арнайы анықтама

unnamed 3 Жаңалықтар

– Бір кездері арнасынан асып жататын Қызылқоға ауданындағы Ойыл өзенінен заңсыз бөгет салып, ойына келгенді жасап, халықтың емес, қара басының қамын ойлағандарды заң жолымен жазалап, қатаң шара қолданбаса болмайды. Табиғатқа ауыз салып, қолдан қастандық жасағандарға неге көз жұмып қарау керек, – дейді Ойыл өзенінің жанашырлары.

Ойылдың көз алдарында тартылып бара жатқанына ашынатын өзен бойын жағалаған Қызылқоға ауданының азаматтары Ақтөбе облысының белсенді азаматтарымен бірге былтырдан бері жүйелі түрде экспедиция жұмыстарын жүргізіп, билік басындағы азаматтарға дәлел-дәйектемелер ұсынып келеді. Рас, бұған дейінгі жылдары да Ойылға қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізіп келгенімен, біткен іс, тынған жұмыс болмаған еді. Мұны Қызылқоға ауданының тұрғындары да растап отыр. Айталық, Ойыл өзенінің жанашырлары өткен жылдың шілде айынан бері 4-5 экспедиция ұйымдастырып, 50-дің үстінде бөгетті анықтаған. Әсіресе биыл сәуір айындағы екі күнге созылған экспедицияның анықтаған бөгеттері туралы мәлімет кеңінен Онлайн брифинг таралып, мемлекет басшысының да назарына ілінген болатын. Осыдан кейін Ойыл мәселесі министрліктің күн тәртібіне алынды. Өзен бойындағы бөгеттерді көруге және нақты атқарылған жұмыстарға анықтама ұсыныс түсіруге Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстар комитеті төрағасының орынбасары Досбол Бекмағамбетов арнайы іссапармен келді. 17 мамыр күні Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Жәнібек Тұрдағалиев, Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының басшысы Ғалидолла Әзидуллин, Ойыл жанашырлары Есенбай Нұров, Бек Түйешиев, басқа да Ойыл өзенінің жанашырлары су алқаптарын аралап анықталған бөгеттерді тағы зерделеп қайтты. – Комиссия мүшелері болып Ойыл, Темір, Қобда, Мұғалжар аудандарын аралап қайттық. Төрт күн бойына бөгеттерді аралап м и н и с т р л і к ө к і л і м е н ж ауапты мамандарға көрсеттік. Су мамандары өздері көрген әр бөгетке анықтама жазып, шешім шығарады. Сосын бізді қабылдаған шешімдерімен таныстырады. Әрине, осы комиссияның шешіміне үміт артып отырған барша Ойыл жанашырларының, 24-25 сәуірде бөгеттерді анықтауға атсалысқан азаматтардың, олардың арасында су мамандарының, заңгерлердің бар екенін ескеріп, өз пікірімізді жинақтап ақылдасып, қол қою үшін уақыт берулерін сұраймыз. Министрлік өкіліне 48 бөгетті көрсеттік.

Кейбір шенеуніктер бөгеттер болғанымен судың жайылып барып құятындығын алға тартады. Алайда негізгі арна бөгеліп жатқандықтан судың еркін ағуына кедергі келтіреді ғой, – дейді Ойыл жанашыры, зейнеткер Есенбай Нұров. Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Жәнібек Тұрдағалиевтен аудан басшылығы Ойыл өзенінің мәселесінің шешілуіне қаншалықты мүдделі екенін сұрағанымызда, бөгеттердің анықтамалығы жасалмай, қандай да бір пікір білдіруге асықпайтынын айтты. Біз алдағы уақытта бөгеттердің анықтамалығы, министрлік өкілінің пікірі туралы қосымша мәліметтерді оқырманға ұсынатын боламыз.

 Алмас ҚАБДОЛОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз