Анкарада Дина Нұрпейісованың мүсіндік композициясы ашылады

WhatsApp Image 2018 04 25 at 11.54.11 Жаңалықтар

Дина Нұрпейісованың мүсіндік композициясы Анкарада ашылады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.

WhatsApp Image 2018-04-25 at 11.54.11

Танымал қазақ композиторының ескерткішін орнатуға 15 млн теңге жұмсалады. Бұл жобаға Атырау облысының бизнес өкілдері қолдау білдірді.

Мүсіндік композиция Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын Түркияда мерекелеу аясында 2011 жылы Анкарада ашылған Дина Нұрпейісова атындағы саябақта орнатылады. Сол жылы Түркияда атақты қазақ композиторы Дина Нұрпейісованың 150 жылдық мерейтойы кеңінен атап өтілген болатын.

Қазақстанның Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында рухани және мәдени құндылықтарды сақтауға және молайтуға ерекше көңіл бөлінгенін атап өткім келеді. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында қазіргі таңда қазақ мәдениетінің үздік туындыларымен әлем жұртшылығын таныстыру үшін жағдайлар жасалуда. Бұл отандық шығармашылық зиялы қауым үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашады, – деді Нұрлан Ноғаев.

Айта кетейік, Қазақстан Елшілігінің, Түркияның мәдениет және туризм министрлігінің, Түрік мәдениеті халықаралық ұйымының (ТЮРКСОЙ) және Анкара қаласы Этимесгут ауданы мэрінің ұйымдастыруымен 2011 жылы Дина Нұрпейісова атындағы саябақ ашылған. Бұл танымал күйшінің атындағы шетелде ашылған алғашқы саябақ.

Атақты қазақ композиторы Дина Нұрпейісова тек қазақ халқының емес, бүкіл түрік жұртшылығының ықыласы мен құрметіне бөленген түрік әлеміндегі алғашқы тұлға.

Хорлан СМАДИЯР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз