Алматыдағы Ұлттық кітапханада ұлттық құны жоғары екі кітаптың тұсауы кесілді.

Та ылымы мол туынды Білім

Алматыдағы Ұлттық кітапхана төрінде ұлттық құны жоғары екі кітаптың тұсауы кесілді. Бірі – «Атырау облыстық драма театры» болса, екіншісі – «Хиуаз». Аталған жинақтардың жарыққа шығуына Атырау облыстық әкімдігі қолдау көрсеткен. Тұсаукесер рәсіміне атыраулық делегация өкілдері, белгілі мәдениет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Та__ылымы мол туынды

Атырау облыстық Махамбет  атындағы драма театрының жетпіс жыл ішіндегі шығармашылық тарихынан сыр шертетін жинақтың авторы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі театр сыншысы Әлия Бөпежанова.

Республикамыздың беделді де байырғы өнер ордасы саналатын театр жайлы еңбекті жазуға автор екі жыл уақытын жұмсаған. Алдымен мұрағатпен танысып, кейін әр қойылымды жеке-жеке тамашалап шыққан. Кітап түрлі түсті, еліміздің түкпір-түпкіріне 1000 данамен тарайды. Тек театр сүйер қауымға ғана емес, қалың оқырманға арналған еңбек үш бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімінде 1938-1963 жылдар аралығы қамтылған. Бұл бөлім «Ширек ғасыр өрнегі» деп аталады. Яғни, мұнда «Алғашқы баспалдақтар», Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кезең, соғыстан кейінгі уақыт және «Алғашқы үлкен жеңіс пен Алматы гастролі» жайында баяндалады. Келесі – «Өркендеу-өрлеу кезеңі» бөлімінде 1964-1990 жылдардағы кәсіби биіктікке бастаған жолдар мен жаңа ғимараттағы жаңа тыныс хақында сөз болады. Үшінші бөлімге «Театр тәуелсіздік кезеңінде» деген атау берілген. Мұнда  ел егемендігін алған жылдардан бергі кезең мен Атырау сахнасындағы халықаралық фестивальдер сипат алады.

Оқырманға жол тартқан келесі кітап – қазақтың қайсар қызы, штурман-ұшқыш, Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың әскери күнделігі негізінде жарық көрген «Хиуаз» шығармасы. Авторы ұшқыш апамыз жайлы талай тұшымды мақалалар жазып жүрген белгілі журналист Тұрсын Қалимова.

Кітап үш тараудан тұрады: алғашқы екі тарауында қазақтың батыр қызы Хиуаз Доспанованың авторлығымен жарық көрген «Халқым үшін» және «Под командованием Расковой» атты 1960-1963 жылдары жарық көрген естелігі қамтылған. Ал, кітаптың соңғы тарауында бүгінгі егемен елімізде үлгі тұтар батыр апамызды елеп-ескерген іс-шаралар мен ұсыныстар көрініс тапқан.

Кеш барысында Хиуаз Доспанова жайлы бірқатар естелік айтылды. Бұл жинақ былтыр Астанада және Атырауда таныстырылған еді.

Алға қойылған мақсат көп. Соның ішінде Хиуаз Доспанованың өмірі мен ерлігін Қазақстан тарихында ерен еңбегімен көзге түскен танымал әйелдер жөніндегі мәліметтер базасына енгізіп, үш тілде ақпарат тарататын «Wikipedia»-ға тіркеп, бүгінгі қазақтың қыз-келіншектеріне үлгі ету және жас ұрпақтың патриотттық тәрбиесіне негіз  етуді көздейді.

Кітапта тек естеліктер ғана емес, біршама ұсыныстар да айтылған. Жоғарыда атап өткеніміздей, кітаптардың халыққа таралуына Атырау облысы әкімдігі тікелей мұрындық болды.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз