Алматы Атырауға көмек жөнелтті

dbf2d8d9 f7f6 4869 9f94 95e925ce9141 Жаңалықтар

Төтенше жағдай жарияланған Атырау облысына «Алматы қаласының құтқару қызметі» мекемесі 3 құтқарушыны көмекке жіберді.

Атырау облысының жедел штабының хабарлауынша, оған қоса тасқыннан зардап шеккен өңірге 3 КамАЗ, 1 автокөлікпен ауқымды көлемде құрылысқа қажетті құрал-саймандар, шатырлар, төсек-орын, жарық шамдары, құтқару жилеттері, су етігі және 5000 дана қапшық жөнелткен.
Алматы қаласындағы жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету қызметі жіберген көмектің ішінде медициналық препараттар да бар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз