Алдағы екі жылда Атырауда 10 фонтан ашылады

1496735628 802672 72 Жаңалықтар

Atr.kz/16 тамыз, 2019 жыл. Атырауда 10 фонтан ашылады. Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз-қызметі хабарлады.

Яғни, Атырау қаласындағы алты шағынауданда жаңа фонтандар құрылысы басталып, ескілері қайта жаңғыртудан өтеді.

«Соның ішінде, төрт фонтан Смағұлов атындағы алаңға, екеуі Құрманғазы атындағы алаңға, біреуі «Жеңіс» паркіне, бір фонтан – Құрманғазы мәдениет үйінің алдына және тағы бірі Балықшы шағынауданындағы Абай Құнанбаев атындағы көшеге қойылады. Сондай-ақ, тағы бір мердігер компания мұнайлы астананың тұрғындарына сыйлық ретінде өз есебінен «Ақ Жайық» қонақүйінің алдына фонтан орнатпақшы», – делінген.

«Atr – Ақпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз