«АҚҚАЙЫҢ» – ФЕСТИВАЛЬ ЖЕҢІМПАЗЫ

Дарынды жастардың әлеуетін ашу, олардың шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында облыс әкімдігі мен облыстық білім беру басқармасының қолдауымен өткізілген ІІ республикалық «Жадыра, жас дарын» фестиваль-конкурсында Исатай ауданының «Жалын» мәдениет үйі жанындағы «Аққайың» би ансамблінің бишілері топ жарды.

 

Алматы, Астана, Қызылорда, Ақтөбе, Орал, Атырау қалалары мен облыс аудандарынан келген жас дарындар өнер сайысында ән шырқап, би биледі, шағын сахналық қойылымдар көрсетті. Фестиваль-конкурста бақ сынаған «Аққайың» бишілерінің қазылар назарына ұсынған қазақ биі «Мереке» мен «Татар биі» үздік деп танылды. Ал, Аққыстау орта мектебі оқушыларынан құралған «Қамажай» би ансамблі кіші топта екінші орынға қол жеткізді.

Эстрада жанры бойынша сынға түскен исатайлық әншілердің де мерейі үстем болды. Жас әнші Дана Мәжитова екінші орын иеленсе, Нұрқан Алпанов конкурс дипломанты атанды.

                                                                                           Бақытжан ХАМИТҰЛЫ,

Исатай ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз