АФРИКА ДА АТЫРАУҒА ҚЫЗЫҒАДЫ

Жаңалықтар

Мәртебелі мейманға «қош келдіңіз» айтқан Ғұмар Ислямұлы елімізде өткізілетін елеулі оқиға – Президент сайлауына әзірлік шаралары жүріп жатқанынан хабардар етті.

– Атырау облысы бүгінгі таңда елуге тарта елмен тығыз байланыс жасап отыр. Соның ішінде Оңтүстік Африка Республикасымен қарым-қатынас әзірге аз болғанмен, елшілік кеңесшісінің өңірімізге сапарынан соң байланысымыз арта түсетініне сенімдімін,-деді ол.

Былтыр Атырау мен Оңтүстік Африка Республикасымен сыртқы сауда айналымы 1,3 млн. АҚШ долларын құрағанын, алдағы уақытта барлық сала бойынша жұмыс жасауға ынталы екенін атап көрсетті. Әсіресе, мұнай-газ, машина құрылысы, химия кластерлеріне жаңашыл жобалар қажет. Облыс аумағындағы мұнай-химия технопаркіне барлық инфрақұрылым жүргізілген. Ал, газды жеткізуге «Теңізшевройл» ЖШС-мен алдын ала келісімге келгенін атап өткен аймақ басшысының бірінші орынбасары индустриалды аймақтың техникалық-экономикалық негіздемесі жасалынып жатқанын айтты. «Біз бірлесіп жұмыс жасау үшін барлық мүмкіндіктер жасауға әзірміз»,-деді ол.

Айта кетелік, статистика департаментінің мәліметінше, өңірімізде оңтүстік-африкалық капиталдың қатысуымен бірде-бір кәсіпорын тіркелмеген.

Айбөпе САБЫРОВА.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған