ТЖД: Мұз үстінде сақ болыңыз!

screenshot 2 2 Жаңалықтар

Ауа райының жылынуына байланысты облыс көлеміндегі барлық су айдындарында және Жайық өзенінде мұздың жұқаруына байланысты профилактикалық шаралар жүруде.

«Бүгінде Атырау облысының су айдындарында мұздың қалыңдығы көпір астында 2-3 см, кей жерлерде 10 см құрайды. Бірақ мұның бәріне қарамастан, балықшылар және тұрғындар, ойын балалары жұқа мұзға шығып, өмірлеріне қауіп төндіруде. Құтқарушылар күн сайын күніне 2 рет балық аулаушылармен және тұрғындармен профилактикалық іс-шаралар өткізуде. Жайық өзені бойында қауіпті аймақтар анықталып, ол тұстарға «Мұз үстімен өтуге тыйым салынады!» ескерту белгілері орнатылуда. Тұрғындардан мұздағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз! Жұқа мұз үстіне топ болып жиналмаңыздар!, – деп атап өтті Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ жедел-құтқару жасағының басшысы Әділхан Жумалиев.

Төтенше жағдайлар департаменті өңірде ауа температурасының жылынуына байланысты мұз үстіне шықпауларыңызды ескертеді.

Мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар, қарапайым сақтық шараларын орындау – қауіпсіздігіңіздің кепілі! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз