Ағасы бардың – панасы бар

Атырау облыстық ақыл-ойы кем дамыған балаларға арналған интернат үйінде 3 жастан 18 жасқа дейінгі 100 бала тәрбиеленуде. Оларды қоғамға кіріктіріп, түзете-дамыта тәрбиелеу бағытында бүкіл ұжым мүшелері жұмыла еңбек етіп келеді. 

Мекемеде балаларға түрлі бағыттағы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.  Әлеуметтік-тұрмысқа бейімдеу мақсатында қараңғы сенсор, монтессори, лекотека, тағы басқа бөлмелері де жұмыс істейді.

Интернат үйі ұжымы мүшелерінің айтуынша, мүмкіндігі шектеулі балалардың көңілдеріне қуаныш, жүздеріне күлкі сыйлап, көмек қолын созып, демеушілік танытып жүрген үлкен жүректі ел ағалары да баршылық. Солардың бірі – мекеменің көркемдеу, безендіру жұмыстарына қайырымдылық көрсетіп отырған  «Эталон» жарнама агенттігінің басшысы Асқар Саппаев.

Ізгі  ниетті  қамқор  азаматтардан мейірімділік пен шапағатты сезінген сезімтал балалардың алғысы көз жанарларынан байқалып тұрады. Мұндай сауапты істер алдағы күндерде де жалғаса берсін демекпіз.

Өз  тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз